2019 жылдың 12-16 наурызы аралығында Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан, ҚР еңбек сіңген спорт шебері М.Вольнованың жүлделеріне арналған халықаралық турнирі өткізіледі.
Аталмыш турнирге Украина, Ресей, Манғолия, Өзбекстан сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы қатысады.
Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде додаға түседі: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг және +81 кг. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар "Үздік техника үшін", "Жеңіске деген жігері үшін", "Көрермен көзайымы сыйлығы" номинациялары бойынша марапаталады.
Жарыстың басты мақсаты - жақын және алыс шет елдер арасындағы достық спорттық байланыстарды нығайту; спорттық шеберлікті арттыру.
Турнирдің ұйымдастырушылары - Астана қаласы әкімдігі, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ және "Қазақстан бокс федерациясы".
Салтанатты ашылуы 12 наурыз күні, «Дәулет» спорт кешенінде сағ. 15.00-де өтеді.
Жекпе-жектердің онлайн-көрсетілімін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты жүргізеді.
Турнир бағдарламасы:
11 наурыз:
Делегацияның келуі
20:00 – техникалық жиналыс
12 наурыз
08:00 – 10:00 – медициналық тексеру, негізгі салмақ өлшеу
11.00 – ресми жеребе салу
14:00 – алдын ала-жекпе-жектер
15:00 – 15:30 – ашылу салтанаты
15:30 – алдын ала-жекпе-жектер
13 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
15:00 – алдын ала-жекпе-жектер
19:00 – алдын ала-жекпе-жектер
14 наурыз
08:00 – 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – ширек финал
18:00 – ширек финалдар
15 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – жартылай финал
18:00 – жартылай финал
16 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
11:00 – ақтық сын
18:00 – делегациялардың кетуі.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары Сіздерді 12-16 наурыз аралығында «Дәулет» спорт кешенінде өтетін, әйелдер арасындағы ҚР еңбек сіңген спорт шебері М. Вольнованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирін тамашалауға шақырамыз!!!!!
Біз елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Астана қаласының атынан шығатын спортшы қыздарымызды қолдауға шақырамыз.
Аталмыш турнирге Украина, Ресей, Өзбекстан, Манғолия, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы қатысады.
Турнир AIBA талаптарына сай 10 салмақ санаты бойынша өтеді.
Жарыстың басты мақсаты - жақын және алыс шет елдер арасындағы достық спорттық байланыстарды нығайту; спорттық шеберлікті арттыру.
Турнирді ұйымдастырушылар - Астана қаласы әкімдігі, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ; "Қазақстан бокс федерациясы".
Турнирдің ашылуы 12 наурыз күні, «Дәулет» спорт кешенінде сағат 15:00- де өтеді.
Жекпе-жектердің онлайн-көрсетілімін Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты жүргізеді.
Кіру тегін