30 шілде күні«ASTANA ASIAN CUP 2017» аясындағы ҚР Ашық чемпионаты болып өтіп, 200-ден астам кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысты. Қатысушылар жартылай темір қашықтықты (half-ironman) бағындырды:1,9 км жүзіп өтіп, 90 км велосипедпен, 21 км жартылай марафон жүгірді. Жарыс әртүрлі жас дәрежесіндегілерге арналды, ал триатлоншылар нәтижесі жеке командалық есеп бойынша реттелді. Қазақстан Триатлон Федерациясы «Қазақстанның темір адамдары» тізімін жасады, тізімді сілтеме арқылы көре аласыздар :http://triathlon.kz.
ҚР Ашық чемпионатына құрметті қонақтары ретінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев және Астана қаласының әкімі Әсет Искешев келді.Қазақстан Триатлон Федерациясының президенті Кәрім Мәсімов тілшілерге берген сұхбатында триатлон жарысы туралы және Қазақстандағы бұқаралық спорттың дамуы жайлы айтып өтті.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Олимпиада Чемпионы «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровқа , Қазақстан Триталон Федерациясының вице-президенті ,BI-Group холдингінің басшысы Айдын Рахимбаевқа және алғаш рет триатлон қашықтығын бағындарған әйел Нағима Керимбаеваға жеңімпаз медальдарын тақты.
ASTANA ASIAN CUP 2017 ұйымдастырушылары:
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
- Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
- Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
- Қазақстан Триатлон федерациясы
- Ази Триатлон Конфедерациясы
- Халықаралық Триатлон Одағы
Жарысты қолдаушылар:
- Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі
- ҚР ІІД ТЖК орталық Аэромобильді Оперативті-құтқару отряды
- «Қазақстан Спорттық медицина федерациясы» АҚ
Спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/, #Астанаспортивная #Астана #АсетИсекешев #Казахстан#smileAstana #astana_akimat, инстаграмда http://piclone.com/u/elordasport/3277567554