+7 (7172) 26-63-47

voleybol

«Астана Кубогы» аясында 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында волейбол матчы өтіп, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Үздік волейбол командасы болу үшін, Білім басқармасы, ТЖД,АКҚБ және Әкім аппараты сынға түсті. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіліп, команда құрамы 6 адамнан тұрды: 4 ер адам және 2 әйел адам. Турнир нәтижесі бойынша алтынға ТЖД командасы,күміске Әкім аппараты, қола жүлдеге Білім басқармасы ие болды. Сонымен қатар номинациялар бойынша «Үздік байланыстырушы» Әсеткербаева Фариза, «Үздік шабуылдаушы» Курманбаев Олжас, «Үздік ойыншы» Турар Куаныш, «Үздік либеро» Темирбаева Аяжан атанды.