«Алау» мұз сарайында «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу шараларын жаңғырту» бағдарламасы аясындағы мектеп оқушылары арасындағы үстел теннисі жарысы өтіп, елордалық мектеп оқушылары қатысты. Турнир өткізу барысында Астана қаласы әкімдігінің №9 БЖСМ жаттықтырушылары Капарова Айман мен Байжан Бағзада оқушыларға шеберлік сабақтарын өткізіп, аталған спорттың қыры мен сырына үйретіп,ерекшеліктерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі
Ер балалар
1 орын – Нұрланов Нұритдин
2 орын – Хапыпбек Райымбек
3 орын – Пернебек Айбол
Қыздар
1 орын – Жамкенова Аяжан
2 орын – Анибекова Дильназ
3 орын – Мелдеш Мадина
Үстел теннисі турнирінің барлық қатысушыларын диплом және сыйлықтармен марапаттаған Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Спорт шарасын Астана қаласының прокуратурасы «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу шараларын жаңғырту» бағдарламасы аясында ұйымдастырды. «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ және «Астана қаласының білім басқармасы».