+7 (7172) 26-63-47

17 қыркүйек күні астанамызда жыл сайынғы «Астана Марафон-2017» өткізіліп, 4500 адам қатысты. Бұл жылы марафон жүгірушілері өз күштерін 3 қашықтықта: 42 км, 21 км және 10 км сынады. Басталмастан бұрын, 4 сөре алдында WORLDCLASSASTANA нұсқаушысы Замира Муржикова марафон қатысушыларына сергіту жаттығуларын жүргізді. Бірінші қашықтық 42,2 км-ге жүгіру 07:00 басталды. Екінші қашықтық 21,1 км-ге жүгіру 7:15 басталды. 10 км қашықтыққа жүгіретін спортшылар 7:30 басталды. Төртінші қашықтық 10 км-ге скандинавиялық жүгірістен 7:35 басталды. Көрсетілген дәстүрлі жүгірістерден соң осы жылы 5 команда 42,2 км-ге эстафетаға жүгірді.

«Астана Марафон - 2017»  қатысушылары қазақстандық және халықаралық компаниялардың қызметкерлері, алыс және жақын шет елден келген қонақтар болды. Астана марафон сегіз жылдан бері танымалдылығы жөнінен артып, жалпы жұртқа қол жетімді болып келеді. Бұл жылы мүмкіндігі шектеулі жандар да шақырылды.

Жақын және алыс шет елдің 19 елінен : АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Италия, Солтүстік Корея, Қырғызстан, Қытай, Украина, Малайзия, Ресей, Австралия, Польша, Испания және т.б. қатысушылар келді.42,2 км қашықтықта керемет нәтижелер көрсетіп келе жатқан әлемге әйгілі Кениялық спортшылар Саймон Кипругут Кируй және Генри Кипсанги Чебой жүгірді.

Салтанатты марапаттау рәсіміне құрметті қонақтар есебінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев , Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысы Азамат Имашев шақырылды. Марафонды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастап берді.

-Марафон қатысушылары – бір мақсатпен біріккен адамдар,олар-«Аяла», «СОС Детские Деревни», «Қасиеттi Жол», «Дом Мамы» қорларының әлеуметтік бағдарламаларына үлес қосып жүрген, спорттың дамуы мен қоғамдағы мәселелерге мән беруге, салауатты өмір салтын дәріптеп жүрген жандар,- деп айтып өтті Астана Марафон директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафон кезінде LED-экрандарда Головкин- Канело жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіліп, теңбе-тең ұпаймен аяқталды. Трансляция аяқталған соң қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылып, Асқар Жайлаубаев,  ДОС, Диана Май,  Луна, Жади Нурбол Балапанов, Нұрғали Тұрлыбеков, Куляйым Қайырбаева және Алмас Кішкенбаев өнер көрсетті.

«Астана Марафон» дәстүрлі түрде  барлық айналымдар мен қашықтықтардың жеңімпаздары марапатталды. Осы жылғы марафон жеңімпаздары медальдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

«Астана Марафон-2017» нәтижесі

42,2 км қашықтық, ерлер

1 орын–Simon Kirui (Keniya)

2 орын – Henry Kipsang (Keniya)

3 орын–Имашев Алмат Т-Курган

 

 42,2 км қашықтық, әйелдер 18-40 жас

1 орын – Гульжанат Жанатбек 02:46:16

2 орын – Акмарал Меирман 02:49:05

3 орын – Мария Киреева 03:06:33

42,2 км қашықтық, әйелдер 40-41 жас

1 орын – Бота Шалина 04:15:58

2 орын – Айгуль Алданова 04:43:19

3 орын –GuzalVassieva 05:12:17

42,2 км қашықтық, әйелдер 51-60 жас

1 орын – Любовь Ассанова 04:03:34

 

42,2 км қашықтық, әйелдер 61-70 жас

1 орын Амегульсин Мирошниченко 03:02:11

42,2 км қашықтық, ерлер  41-50 жас

 

1 орын – Мендыбай Алимгазинов 02:59:33

2 орын – Жаксыбай Есжанов 03:10:37

3 орын –Ринат Саликжанов 03:26:06

42,2 км қашықтық, ерлер  51-60 жас

1 орын – Павел Брода 02:54:55

2 орын – Талапнур Байзак 03:01:43

3 орын –JoergChittka 03:12:39

42,2 км қашықтық, ерлер 61 -70 жас

1 орын – Валерий Куликов 01:51:36

2 орын – Толейтай Жаманбек 02:16:41

3 орын – Чарьяздан Ибрагимов 02:22:38

 21,1 км қашықтық, ерлер

1 орын- Алексей Гусаров 01:14:31

2 орын- Кудайберген Зейноллаев 01:18:46

3 орын – Евгений Медведников 01:18:41

21,1 км қашықтық, әйелдер

1 орын- Дана Айдосова 01:22:54

2 орын – Ольга Богомальская 01:25:46

3 орын – AleishaWawn01:37:07

10 км қашықтық, ерлер

1 орын – Бибол Сериков 00:38:31

2 орын – Леукатай Ерасыл 00:38:35

3 орын _ Артем Чижевский 00:38:41

 

10 км қашықтық, әйелдер

1 орын – Жақсыгүл Мусырман 00:53:21

2 орын – Булгакова Евгения 00:54:22

3 орын – Перрин Бера 00:56:52

Эстафеталық марафон

1 орын –  Қайрата Кокеновтың балалары 02:23:35

2 орын – Leadek 03:10:02

3 орын – ALA 65 TEAM 03:10:36

«Астана Марафоне 2017» туралы толық ақпаратты ұйымдастырушылар сайтынан біле аласыздар: http://www.astana42k.com/

Ұйымдастырушылары Гаухар Брамлей-Фентон, Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.