+7 (7172) 26-63-47

Қатысушыларды тіркеу www.astanatriathlon.kz  сайтында жүргізіледі. Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қаласының Триатлон федерациясының Instagram @astana_triathlon әлеуметтік парақшасында жарияланған.

Жарыс қала әкімдігінің, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және қалалық Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өткізіледі.

«Қалалық саябақ аумағында орналасқан шаңғы-ролл трассасында әскери қызметшілер, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, студенттер және т.б. арасында тұрақты негізде қалалық спартакиадалар өткізіледі. Оның ішінде 14 ақпанда елордадағы шаңғы трассасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен бас басқармалары, Қарулы Күштердің Бас штабы арасында шаңғы жарысы бойынша чемпионат өтеді», - деді Е.Корбозов.

Сондай-ақ, спикер жоғарыда аталған тас жолында 17 ақпан күні ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтетінің тілге тиек етті.