Елордада дәстүрлі шаңғы тебу маусымы ашық деп жарияланды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан үлкен-кіші сайманын арқалап, саябаққа келді. Бұл күнді асыға күттік, - дейді олар. Қатысушылар санат 14 бойынша сынға түспек. Әсіресе жастар жағы белсенді болды.Жеткіншектер 500 метрді шаңғымен жүріп өтсе, ересектер жағы 5 шақырымдық межені еңсерді.
Қысқы қызық мұнымен бітпей, гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс секілді спорт түрінен де мықтылар анықталған.
Қайырболат Қажыбайұлы, қала тұрғыны:
-Шаңғы маусымын асыға күтемін. Мен 2016 жылдан бастап шаңғы маусымына қатысып келемін. Өте жақсы спортпен шұғылданған. «Спорт- денсаулық кепілі» дейді ғой. Астана тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Келе жатқан жаңа жылда жақсылық, той болсын.
Даулет Хамзин, бас төреші:
- Осы жарысты өткізіп жатқандар – біздің қалалық спорт басқармасы және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы. Бұл іс-шара 14-ші рет өтіп жатыр. Жылдан жылға қатысушылардың саны көбейіп жатыр.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/zimnij-lyzhnyj-sezon-otkryli-v-astane.html#sigProIdc709487691