+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Астана төрінде күрес түрлерінен (еркін, грек-рим және әйелдер) Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды.

Қалалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиеваның сөзінше айтулы бәсекеде 50-ге тарта елордалық  бозкілем шеберлері қатысады.