+7 (7172) 26-63-47

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрама сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшысы Эдуард Ким мен оның жұбы алтыннан алқа тағып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Елордалық Эдуард Ким мен оның жұбы Наргиза Болатова техникалық бағдарламада чемпион атанып, әнұранымызды шырқатты.

Ұлттық құраманың қос спортшысы финалда 228,0050 ұпай жинады. Төрешілер бағдарлама қиындығы жағынан олардың өнерін жоғары бағалады (31.5000 балл).

Бұл Қазақстан атлеттерінің су спорты түрлерінен әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.

Эдуард пен Наргиза алдағы күндері еркін бағдарламада сынға түседі.

Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтынмен 5-орынға көтерілді.