+7 (7172) 26-63-47

Профессиональный боец ММА (9-0-0), тренер профессионального бойцовского клуба “TAKHTAY TEAM” @tahtaivasilii Василий Тахтай в своем аккаунте будет проводить онлайн тренировки завтра в 21:00!

Не упустите свой шанс потренироваться с чемпионом

Құрметті @elordasport парақшасының оқырмандары !
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы 0⃣9⃣ сәуірден бастап Instagram парақшасында 1⃣0⃣ күндік ONLINE-СҰХБАТ айдарын бастағанын білесіздер!
1⃣6⃣ сәуір, яғни,  ертең тікелей эфирде тілші Аслан Қаженов пен сұхбаттасатын Еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  спорт шебері Нұрқожа Қайпанов.
Тікелей эфирде Сіздер қонағымызға спорт саласындағы және де басқа да сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.  Біз Сіздерді күтеміз.  Үйде отырып тікелей эфирді бірге тамашалайық.
Тікелей эфир @elordasport парақшасында өтеді.

 

Құрметті @elordasport парақшасының оқырмандары !
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы 0⃣9⃣ сәуірден бастап Instagram парақшасында 1⃣0⃣ күндік ONLINE-СҰХБАТ айдарын бастағанын білесіздер!
1⃣5⃣ сәуір, яғни,  ертең тікелей эфирде тілші Аслан Қаженов пен сұхбаттасатын Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Нұр-Сұлтан бокс құрама командасының капитаны Дархан Жұмсақбаев.
Тікелей эфирде Сіздер қонағымызға спорт саласындағы және де басқа да сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.
Біз Сіздерді күтеміз.  Үйде отырып тікелей эфирді бірге тамашалайық.

Тікелей эфир @elordasport парақшасында өтеді.  

14 декабря на лыжероллерной трассе в Столичном парке состоялось Открытие зимнего лыжного сезона 2019-2020гг.Традиционно зимний сезон начинается с первой лыжни, на которую выходят гости и жители столицы: как и любители так и профессионально занимающиеся. Всего на прошедшем старте приняли участие лыжники восьми групп:​ силовые структуры мужчины и женщины; мальчики и девочки 2007 г.р.и младше; ветераны 1974 г.р. и старше; мальчики и девочки 2004-2005 г.р.; юноши и девушки 2003-2002 г.р.; юноши и девушки 2001-2000 г.р.;мужчины и женщины 1999 г.р. и старше.

Соревнования были открыты символическим забегом на 1 км, старт которому дал​ заместитель руководителя Управления культуры и спорта города Нур-Султан Маржикпаев Берик Боромбаевич.

Всего в стартовой гонке приняли участие более 50 любителей лыжных гонок, включая Депутата Мажилиса Парламента Республики Казахстан Тасбулатова Абая Болюкпаевич,​ а так же приняли участие руководители спортивных школ и ​ I Вице-президент Национальной Федерации лыжных гонок Казахстана Никита Девяткин и ветераны лыжного спорта.​ По итогам прошедшего старта победители и призеры гонок были награждены памятными медалями и дипломами, а также ценными призами от организаторов мероприятия.​

 

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бауыржан Кенесұлы мекеме қызметкерлеріне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 02 қыркүйектегі«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша дәріс өткізді. Дәріс барысында бірнеше сұрақтарға жауап беріліп, көптеген пікірлер талқыланды. Ұжым басшысы жиын барысында жолдаудағы төмендегі бағыттарды атап өтті. 
1. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ
2. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
3. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 
5. КҮШТІ АЙМАҚТАР, КҮШТІ ЕЛ

Демалыс күндері елордада қысқы ойын-сауық маусымы ашылады.  Сіздерді, сенбі күні 14 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы Астаналық саябақта шаңғы-роллерлік трассада шаңғы жарысына қатысуға шақырамыз. Аталмыш шара елордадағы қысқы маусымның шымылдығын ашпақ. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де, ал жарыс сағат 11:00-де басталады.

Бәсеке әдеттегідей, 1 км дистанцияны бағындырудан басталады. Содан кейін қатысушылар жас санаттары бойынша бөлінеді және әрбір топ әртүрлі қашықтықтарда күш сынасады.

Подробнее...  

Сіздерді, 19 қазан мен 02 қараша күндері өтетін аула балалары арасында шағын футболдан "NUR-SULTAN CUP" турниріне(күзгі кубок) шақырамыз!

Жарыс 2007-2009 жылғы туылған балалар арасында ұйымдастырылады. Турнир төменде көрсетілген мекен -жай бойынша өтеді:
1. "Алматы" ауданы 19.10.2019 ж. сағ. 10.00. Железнодорожный тұрғын үй а., Т.Жүргенов көш. 32, Жирентаев көш. 15/1, Рысқұлбеков көш. 16/а.

Подробнее...  

Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 05 қазан күні, басталуы сағат. 08:30-тіркеу, ашылу салтанаты- 09:30- да. 
Өткізілу орны: Нұр-сұлтан қаласы,  «Астана Триатлон» саябағы

5 қазан күні «Астана Триатлон» саябағында, «Астана-адалдық алаңы жобасының ұйымдастырумен Республикалық «Адал жүрек» акциясы аясында қайырымдылық жүгіру өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қоғам болып қаржылай қолдау көрсету.

Қайырымдылық жүгіріске Нұр – Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы, ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Сапиев Серік Жұмангалиұлы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Кыдырбаев Нұрлан қатысады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті.

Подробнее...  

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласындағы ЕЦ – 166/10 ДУИС спорттық алаңында, Қылмыстық жазасын өтеушілер арасында  жыл сайынғы өтетін Спартакиада жарысы өтті. Биыл Спартакиада жарысын Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы   дәстүр бойынша 10 жыл қатарынан ұйымдастырып келеді.  Аталмыш жарыс спорттың 6 түрінен өтті (волейбол, футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күресі және асық ату).   

Жарыстың жалпы мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы шеңберінде бұқаралық спортты дамыту, елордамыздағы барлық  спорт түрін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Подробнее...  

16-20 шілде аралығында Нұр-сұлтан қаласында ересектер мен әйелдер арасында бокстан "Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы" VII Халықаралық турнирі өтеді.

16 шілдеде ресми ашылу салтанаты мен ерлер арасында алғашқы жекпе-жектер өтеді. 17 және 18 шілде - жарыс күндері. 19 шілдеде жартылай финал ойындары болады. 20 шілдеде финал мен турнирдің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Турнирге Қытай, Үндістан, Болгария, Ресей, Алжир, Филиппин, Сирия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекістан және Тәжікстан елдерінен 11 команда қатысады.

Құрметті қала тұрғындары және қала қонақтары!!!!  Ағымдағы жылдың 2 маусым күні сағат 10:00 - де Нұр – Сұлтан қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында «JASTAR BIKE» бұқаралық веложүгіріс өтеді.  

Баршаңызды бұқаралық веложүгіріске қатысуға және 9 маусымда өтетін алдағы Президенттік сайлауға қолдауға шақырамыз!!

Подробнее...  

Бүгін Алау мұз айдынында @alauicepalace Қазақстан Республикасының мемемлекеттік рəміздері күнін мерекелеу аясында «Есіл» ауданының @esilakimat зейнеткерлері арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті.  

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Салауатты өмір салтын насихаттау; Денсаулықты нығайту үшін дене шынықтыру және спортты пайдалану; Қоғамды қарттар мәселесіне бет бұруға шақыру.

Подробнее...  

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесі өз күшіне енеді. Сіз сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын және МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін білесіз бе? Онда fms.kz сайтына кіріңіз немесе 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз. Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласа аласыз.

Подробнее...  

Осы сенбі күні Нұр – Сұлтан қаласында Халықаралық отбасы күніне арналған «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті. Аталмыш турнир Есіл ауданындағы  № 66 мектеп – лицейінің спорттық алаңында өтті. Жарысқа 9 мектептен құралған тоғыз команда қатысты.

Подробнее...  

Сіздерді «Ұлы Жеңіс күніне» орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту мақсатында, Нұр - Сұлтан қаласының жоғары оқу орындары студенттері мен  мектеп оқушылары арасында жеңілатлетикадан эстафета жарысы өтеді! 

Спорттық шараға Нұр - Сұлтан қаласындағы орта білім беру, жоғары оқу орны және жалпы білім беру орталықтары қатысады. Айта кететін жайт бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Подробнее...