+7 (7172) 26-63-47

23 11 2018Астана қаласындағы «Назарбаев» орталығында қарашаның 29 күні  Астана қаласынының жалпы білім беретін мектеп оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған тұлғаларды айырым белгісі бар төсбелгілерімен және куәліктерімен марапаттау шарасы өтеді.

Іс - шара «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы 
аясында және  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарға арнайы төс белгіні белгілі олимпиада жеңімпаздары және спорт қайраткерлері табыстайды.

Подробнее...  

15 11 2018Бүгін сағат 11.00-11:30 аралығында Республика бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет жəне спорт миністірлігінің ұйымдастырылуымен Астана қаласы әкімдігінің " Спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу дирекциясы" КММ қызметкерлері " Рухани жаңғыру" тақырыбында "Жалпыхалықтық диктант" жазды.
Шараның басты мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, оны практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру болып табылады. 
@madeniet_sport.astana
@astana_akimat
@kazbilim
@elbasy_live
@sportcommittee.kz
#елбасыжолдауы#латынəліпби#руханижаңғыру#жаңаəліпби#қазақəліпбиі

Бүгін Астана қаласындағы 56 мектеп гимназиясында Сарыарқа ауданы мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа жалпы 100 ден аса мұғалімдер қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларды Астана қаласы əкімдігнің Спорттық– бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы №35 мектеп гимназиясындп "Сарыарқа ауданының мүмкіндігі шектеулі балалар арасында "Көңілді старт" жарысы өтті. Аталмыш жарысқа "Қонжық" және "Достар" екі командасы қатысты. Жалпы жарысқа 40 жуық қатысушы қатысып əр командаға қатысушыларымыздың туыстары жанкүйер болды. Барлық қатысушыларды Астана қаласы əкімдігнің "Спорттық– бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Подробнее...  

Бүгін Астана қаласындағы «Ботаникалық саябақта» медициналық – санитариялық алғашқы көмек жөніндегі «Алматыдан денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей және тұрақты даму мақсаттарына дейін» ДДСҰ – ның МСАК бойынша Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференцияның делегаттары мен қонақтары «Сөзден іске/Walkthe Talk/От слов к делу» акциясына қатысты.

Іс – шараны ұйымдастырушылар: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласының әкімдігі, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Подробнее...  

20 қазанда Астана қаласының №18 орта мектебінде асық атудан Астана қаласының жастар арасындағы ашық чемпионаты және мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Республикалық турнир өтті. Чемпионатқа 56 спортшы, мүмкуіндігі шектеулі 22 спортшы қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша Астана қаласының «Жігер» спорттық клубының спортшылары жүлделі орындардың көбін жеңіп, чемпион атанды:

Подробнее...  

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында әйгілі құсбегіші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.  

Осымен 4-рет өткізіліп отырған халықаралық турнирге еліміздің 10 облысынан келген 30-ға жуық бүркітші қатысуда. Оның ішінде Моңғолия елінен келген 2 бүркітші бар. Айтулы бәсекенің жалпы жүлде  қоры 500 мың теңгені құрайды және ол бірнеше кезеңнен тұрады, атап айтқанда бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру және шырғаға салу. Одан бөлек бүркітті қоян мен түлкіге салу. Сонымен қатар, қаршыға мен ителгіні қолға шақыру мен кептерге салу және далбайға ойнатудан бақ сынады.

Подробнее...  

13 қазан күні Астана қаласындағы «Наз би» театыры ғимаратында Бодибилдингтен Астана қаласының IV ашық Чемпионаты өтті. Чемпионат 9 номинация бойынша өтті; бодибилдинг, классикалық бодибилдинг, вумен физик, фитнес, бодифитнес, фитнес бикини және менс физик. Осы жарыс қорытындылары бойынша, Астана атынан шыққан Висхан Тюгаев бодибилдинг номинация бойынша алтын медальға иеленсе, менс физик номинациясы бойынша Власов Евгений бірінші орынға иеленді.

Мұндай ашық біріншіліктер жылына екі рет көктем және күз мезгілдерінде өткізіліп тұрады. Биылғы жылғы күзгі маусымдағы чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 200 ден аса спортшы  қатысты. Жарыс бөлімдерге бөлініп, әр жас кезеңі мен ерекшеліктеріне қарай өткізілді.

Подробнее...  

Буэнос-Айрес – ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ескек есуші Диас Бахраддинді Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында алтын медаль Диаса Бахраддинді құттықтады.

«Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында ескек есуден тарихи жеңіс орын алып отыр. Небәрі 16 жасыңызда Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында алтын медаль алдыңыз. Сіздің спорттық мансабыңызда бұл алғашқы жарқын жеңіс. Мен Сізден Олимпиада ойындарында тағы да жарқын жеңістер күтемін.

Подробнее...  

8-12 қазан күндері Астана қаласындағы «Толқын »спорт кешенінде  бокстан 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында Астананың 20 жылдығына орайластырылған ҚР «Солтүстік - Шығыс» Аймақтық біріншілігіне іріктеуге арналған Астана қаласының Чемпионаты өтті. Чемпионатқа  жалпы саны құрайтын 90 спортшы қатысты.  Барлық қатысушылар медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың «Жас Батыр» спорт кешенінде 13-14 қазан күндері Еркін күрестен 2003-2004, 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Астананың 20 жылдығына орайластырылған Астана қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа  104 ке жуық спортшылар қатысты.

Подробнее...  

8-13 қазан күні Астана қаласындағы «Даулет» Спорткомбинатында балалар арасында теннистен «Даулет» Спорткомбинаты» МКҚК жүлдесіне арналған балалар турнирі өткізілді. Турнирге 12 жас және одан кіші аралығындағы 64 бала қатысып, оның ішінде алты бала жеңімпаз атанды.

Подробнее...  

Осы жексенбі күні Астана қаласында мұғалімдер күніне орай «Есіл» ауданының мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирінен жарыс өтті. Аталмыш жарысқа 96 қатысушыдан құралған 12 команда қатысты. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік үйлестіруші» номинациялары бойынша жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Подробнее...  

Қайырымдылық шарасы елордадағы «Столичный» (Астаналық) саябағында «Спорт біріктіреді» деген атаумен өтті. Шамамен 100-ге жуық адам отандық журналисті қолдауға жиналды. Акция барысында ерлер 2,5, әйелдер 1,5 шақырымға жүгіріп өтті. «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген Галина Полевая бірнеше жыл қатарынан халықаралық Олимпиада, Азиада және тағы басқа спорттық жарыстарды көгілдір экран арқылы халыққа жеткізді. «Галина Полевая отандық спорт журналистикасында қалыптасқан тұлға. Менің өзім оның телеарнада жүргізген бағдарламасын үзбей қарайтынмын. Ол нағыз өз ісінің кәсіби маманы. Біздің бүгінгі шарамыз одан әрі өңірлер де өз жалғасын табады деген үміттемін. Мен оның бұл қиындықтан сүрінбей өтетініне сенемін», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев. Жүгіру жарысына қатысқандардың ең үлкені 70-те, ең кішісі 5 жаста. Қайырымдылық шарасынан 300 мың теңгеге жуық қаражат жиналды. Жиналған барлық сома Г.Полеваяның отбасына табысталады. Бұдан бөлек журналиске қолдау ретінде ҚР Мәдениет және министрлігі қызметкерлері бір күндік жалақыларын бөледі. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықты Галина Полеваяны қолдауға шақырған болатын. Айта кетейік, танымал журналистің ауыр науқасқа шалдыққаны туралы оның қызы әлеуметтік желі арқылы айтып, жұртшылықтан қол ұшын созуды сұраған болатын. Әлеуметтік желідегі жазбада айтылғандай журналист қатерлі ісікке шалдыққан, оған тиісті ем Кореяда қабылданады және емделу құны 286 мың 350 долларды құрайды.

Подробнее...  

Бүгін Қарттар күнін мерекелеу аясында «Есіл» ауданында орналасқан шағын орталығының зейнеткерлері арасында шахмат және дойбы түрінен турнир өтті. Аталмыш жарысқа 30 ардагер қатысты.

Мерекелік іс –шара аяқталған соң ұйымдастырушылар жеңімпаздармен барлық қатысушыларға дипломдармен, сыйлықтар және медальдармен марапаттады.

Подробнее...