+7 (7172) 26-63-47

Грек-рим күресі бойынша 67 кг дейінгі салмақтық дәрежедегі Кебиспаев Алмат «Толағай» «ЖСШМ» спортшысы Азия ойындарының финалында Оңтүстік Кореяның қарсыласы Рю Хан Су алға жіберіп, Қазақстан бесінші күміс медальін жеңіп алды.
Естеріңізге салсақ ертең сағат 11:12-де 87кг салмақтық дәрежеге дейінгі тағы біздің спортшы Кустубаев Азамат қақтығыс алаңына шығады. Спортшымызға сәттілік тілейміз!
Спортшы мен жаттықтырушы Мейрхан Рахметовты құттықтаймыз!
Борец греко-римского стиля в весовой категории до 67 кг спортсмен столичной школы высшего спортивного мастерства «Толағай» @shkola_tolagai Кебиспаев Алмат завоевал пятую серебреную медаль для Казахстана на Азиатских играх в Индонезии, уступив в финале сопернику из Южной Кореи Рю Хан Су.
Поздравляем спортсмена и тренера Рахметова Мейрхана!
@madeniet_sport.astana
#asiagames2018#Jakarta#astana#tolagai#sport#wrestling#madenietsportastana
Спортсменка школы высшего спортивного мастерства "Толағай" Жулдыз Эшимова уступив в финальной схватке 0:11 Пак Ионг Ми из КНДР, стала обладательницей серебрянной медали Азиатских игр.
Напомним, что Азиатские игры стартовали 18 августа в городе Джакарта, Индонезия. В составе национальной сборной команды РК заявлено 53 спортсмена из Астаны по 20 видам спорта.

Подробнее...  

От всей души поздравляем спортсменов, тренеров, учителей физкультуры, сотрудников спортивных учреждений и всех, кому не безразличен спорт, с профессиональным праздником! Ведь именно благодаря этой сфере деятельности наша жизнь становится качественнее, красивее, лучше.

Пусть каждый спортсмен обладает крепким здоровьем, достигает желаемых высот и всегда будет лучшим в выбранном деле! Будьте уверены, что следующий день принесет еще больше радости и хороших результатов. С праздником!!!!!

Астана қаласының әкімдігінде Спорт күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында елордалық дене шынықтыру және спорт қайраткерлері, сондай-ақ Президенттік дайындық деңгейі нормативтерін сәтті орындаған жеңімпаздар марапатталды.

Шараға ірі халықаралық жарыстарда Астананың намысын қорғаған спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен елордалық спорт мектептерінің жетекшілері, сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов және де мәдениет және спорт басқармасының басшысы Берік Маржикпаев қатысты.

Подробнее...  

Астанада Спорт күні құрметіне өткізілетін ауқымды шаралардың бірі ВЕЛОЖАРЫС 18 тамызда өтеді.

Аталған шара елордада жыл сайын жаздың соңында ұйымдастырылады, оған 1000 жуық адам қатысады. Веложарыс барысында спортшылар Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Салтанат сарайынан» «Астана Арена» стадионына дейін 5 шақырым жүріп өтеді. Тіркеу сағат 7:00, жарыс – 08.00-де басталады.

Подробнее...  

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады.

Астанада барлық спорт мекемелерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Тамыздың 16-нан 19-на дейін Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың барлық спорт алаңдарында біруақытта 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Бағдарламаға қазақ күресi, гір көтеру, армрестлинг, асық ату, бүркітші, көкпар, тоғызкұмалақ, грэпплинг, лыжероллерлер, теннис, веложарыс, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, академиялық есу, бокс, киокушинкай-кан каратэ, таеквондо, қоян-қолтық ұрыс, шайбалы хоккей енгізілді.

Подробнее...  

Сенбі күні, 18 тамызда, сағат 10:00-17:00 аралығында «Барыс» спорт кешенінде (Мұңайтпасов к-сі, 9, «Қазақстан» СК жанында) ашық есік күні өтеді.
Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы @madeniet_sport.astana барлық елорда тұрғындарын Ашық есік күні шарасына шақырады. Мұнда Астананың спорт мектептеріне балаларды қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпараттар беріледі.
Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің толық тізімі www.madeniet-sport-astana.kz сайтында орналасқан

Подробнее...  

Астанада Спорт күні құрметіне өткізілетін веложарыс кезінде, 18 тамызда сағат 07:45-тен 08:45-ке дейін веложарыс маршруты бойынша көлік қозғалысы жартылай (Қабанбай батыр даңғылында) шектеледі. Жүргізушілерден осыны ескере отырып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Подробнее...  

26 тамыз күні Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі төрелік етеді. Олардың арасында қазақстандық қана емес, шетелден келетін төрешілер бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Азия чемпионатында Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері төрелік етеді. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан шақырылып отыр.

Подробнее...  

Алдағы демалыс күндері Индонезияда VIII Жазғы Азия ойындары басталады. Аймақтағы ірі спорттық шараның ашылу салтанаты 18 тамызда Джакарта қаласында өтеді.

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының сапында астаналық 53 спортшы 20 спорт түрінен күш сынасатын болады, оның ішінде 8 қатысушы 4 спорт түрі бойынша Паразиялық ойындарда бәсекеге түседі.

Подробнее...  

Сегодня состоялось торжественное открытие мемориальной доски в честь памяти великого казахстанского тяжелоатлета Храпатового Анатолия Михайловича. 

На мероприятие присутствовали: Председатель Комитета по делам спорта и физической культуры Министерство культуры и спорта Республики Казахстан Жарасбаев Серик Маратович, Заместитель руководителя «Управления культуры и спорта» Маржикпаев Берик Боромбаевич, Генеральный секретарь Федерации тяжелой атлетики РК Нуралинов Алдияр Джумагельдиевич. На мероприятии также была семья Храпатого.

Подробнее...  

Өткен сенбі күні елордамызда «Есіл» ауданының 10 жылдығына арналған, «Есіл»ауданы ұйымдары арасында футболдан турнир өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, 2-ші орынды Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы алса 3-ші орынға Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жайғасты. Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» (Канапин Дастан), «Үздік шабуылшы» (Аскаров Алмат), «Үздік қорғаушы» (Якубов Марат), «Үздік ойыншы» (Жаxанов Асан) номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Подробнее...  

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «ҚР көлік қызметкерлерінің күнін» атап өтуге орайластырылған спартакиада ағымдағы жылғы шілде айының 20 күнінен бастау алды.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, Мәдениет және спорт басқармаларымен бірге ұйымдастырылған іс-шара «Алау» мұз айдыны сарайында салтанатты түрде ашылды. Іс-шарада көлік саласының қызметкерлері стол теннисі бойынша бақ сынасып, өнерлерін ортаға салды. Тартысты өткен ойында қатардан озып, бас жүлдені «№1 Автобус паркі» АҚ жеңіп алса ІІ-орын «LRT құрылысы жөніндегі Дирекция» ЖШС және ІІІ- орын «№4 Автобус паркі» ЖШС-не бұйырды.

Подробнее...  

Құрметті Болат Бауыржанұлы! Туған күніңізбен @bolatmazhagulov, @madeniet_sport.astana