+7 (7172) 26-63-47

Елордада 9 мамыр Ұлы Жеңіс Күнін мерекелеуге орай сайт платформасында http://www.lichess.org Нұр-Сұлтан жастар арасында шахматтан алғашқы онлайн-турнир өтті. Қатысушылардың жалпы саны 80 адамды құрады. Әр қатысушыға партияға 3 минут + 2 секунд берілді. Турнирді өткізу уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 1 сағат 30 минут құрады.

Турнир 2010 ж.т. және одан кіші, 2006 ж. т. және одан кіші және 2003 ж. т. және одан кіші үш жас топтары бойынша өтті.

Жеңімпаздар барлық партияларда жинаған ұпайлардың ең көп сомасы бойынша анықталды. Әділ емес ойындарды болдырмау үшін құрамында үш төреші бар комиссия жұмыс істеді, олардың өкілеттігіне адал емес ойыншылардың нәтижелерін жою кірді.

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының шахмат Федерациясы, «Нұр-Сұлтан қаласының  дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қала жастары арасында шахматтан бірінші онлайн-турнирдің нәтижелері:

2002-2005 ж. т.
І орын-Дильманов Бахтияр (жоғары технологиялар колледжі)
ІІ орын-Ақтан Рамазан (№3 мектеп)
ІІІ орын-Балмағамбетов Ахметкәрім (№10 мектеп)
2006-2009 ж. т.
І орын-Токбаев Ануар (№72 мектеп)
ІІ орын-Санжар Серікхан (№72 мектеп)
ІІІ орын-Қанатұлы Нұрасыл (№37 мектеп)
2010 ж. т. және одан кіші
І орын-Джаппарбекова Малика (№85 мектеп)
ІІ орын-Ахметов Алан (№63 мектеп)
ІІІ орын-Капар Илья

{gallery}news/2020/05/09{/gallery}