+7 (7172) 26-63-47

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні «ZOOM» бағдарламасы арқылы «Есіл» ауданының оқушылары арасында КАТА бойынша Кёкушинкай-каратэден  онлайн жарысы өтті. Аталмыш жарысқа 12-13, 14-15 және 16-17 жас ерекшеліктерден құралған ұлдар және қыздар арасында болды.

Жарыстың жалпы мақсаты: «Карантин» кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға мұмкіндік беру, Кёкушинкай-каратэ спортын балалар арасында дамыту, Бұқаралық спортты дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ тағайындаған бағалы сыйлықтармен, диплом және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар ұйымдастырушылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бағалы сыйлықтарын, диплом және медальдарын үйлеріне жеткізіп марапатталды.

Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы Кёкушинкай-каратэ федерациясы, Каратэ кекушинкай РҚБ  БҚККҰ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Жарыс қорытындысы:
12 - 13 жас (ұлдар)
1 орын - Баяндин Мадиар
2 орын - Жумаділ Ерқанат
3 орын - Камза Жасұлан
12-13 жас ( қыздар)
1 орын - Төлеген Қарақат
2 орын - Саринжан Динара
3 орын - Мақсұтхан Мерей
14-15 жас (ұлдар)
1орын - Әмірқұл Дәур
2 орын - Кноль Артур
3 орын - Сарбаев Марат  16-17 жас ( ұлдар-қыздар)
1 орын - Рахимбекова Іңкәр
2 орын -  Қайролла Әділ
@sport_nursultan
@esilakimat
@beka_kassym