+7 (7172) 26-63-47

25 тамыз күні сағат 15:00-де http://www.PLAYOK.COM сайтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласының  мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн жарысы өтеді.
Жарысқа өтінім қағазын берген, Нұр-Сұлтан қаласының барлық  мектеп оқушылары қатыса алады.
Жарыстың мақсаты: Ұлттық ойын тоғызқұмалақты дамыту. Жарыстың бас төрешісі,  I санаттағы төреші - Қонарбаев Нұржан.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұйымдастырушылар алқасы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттап,  үйлеріне жеткізіп береді.
Ұйымдастырушылар: "Нүр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы әкімінің апараты " ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ, "Нұр-Сұлтан қаласының тоғызқұмалақ Федерациясы"