+7 (7172) 26-63-47

Құрметті елордалықтар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН онлайн турнир жарысы өтеді.

?Онлайн ашық турнирі  24 қазан күні сағат 11:00-де аралығында Play OK. платформасында қашықтықта өткізіледі.

?Жарыс қатысушылары 24 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 11.00 дейін тіркеле алады. Жарыс блиц жүйесінде, 3 жас санаты бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, төрешілер WhatsAp месенджері арқылы, қашықтықта төрешілік жүргізеді.

?Жарыс 3 жас санаттары бойынша:

☑️12 жасқа дейін балалар;
☑️13-40 жас аралығында (ерлер/әйелдер);
☑️ 40 жастан жоғары ардагерлер.

‼️‼️‼️Ескерту!!! Қатысушы ойынға 7 мин. кешіккен жағдайда ойыннан жеңілген болып есептелінеді.
Қатысушы ойын барысында интернет дұрыс жұмыс жасамай, ойнай алмай қалған жағдайда жеңілген болып есептелінеді.

?Тіркелу үшін:  Бас төреші: Қонарбаев Нұржан Тел.: 8705 709 02 22

???Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушы тарапынан ұсынылған дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.

?Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

@akimat_nur_sultan @sport_nursultan @ergaliev79 @bakhtiiar.masanov