+7 (7172) 26-63-47

Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында 17 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы елге оралды!

Бүгін елорда уақытымен 00:15 те  Назарбаев халықаралық әуежайында жүлдегерлерді күтіп алу салтанатты шарасы өтті. 

Спортшыларды  жанкүйерлері, туыстары мен тілшілер және қалалық спорт басқармасы қарсы алды.

Естеріңізге салсақ байрақты бәсекеге әлемнің 65 елінен 1700-ге жуық спортшы қатысты. 

Әлем біріншілігінде сынға түскен елордалық спортшылар ел қоржынына екі алтын, үш қола жүлдені салды. 

63 келі салмақта кикбосингтің К-1 нұсқасы бойынша Нұрдәулет Қалшора жарыс жеңімпазы атанса, 54 келі салмақ дәрежесінде Ерлан Шағбан “фулл контакт” бөлімінде қарсылас шақ келтірмей алтынан алқа тақты. Осылайша Ерлан Әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. 

Ал, Батырхан Қуандықов(фулл контакт, 63кг), Шыңғысхан Тлемисов (К-1, 63кг)және Әділ Мырзағалилар (лоу-кик, 71кг) чемпионаттың қола жүлдесін иеленіп, ел мерейін үстем етті. 

Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!✊🏻🇰🇿💐