+7 (7172) 26-63-47

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде пара каратэден инклюзивті әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылу салтанатына қатысқан Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, спорт саласында инклюзивті орта қалыптастырудың және ерекше қажеттілігі бар спортшылардың осындай әлемдік додаларға қатысуының және Қазақстанда алғаш рет өтуінің маңызы зор екенін атап өтті.



- Бүгін елімізде айтулы күн десекте болады. Алғаш рет елімізде оның ішінде Астана қаласында Пара каратэден Инклюзивті Әлем Чемпионаты өткелі тұр. Әлемнің сегіз елінен келген спортшыларға және Америкадан келген FSKA бүкіл әлемдік фунакоши каратэ федерациясының президентіне алғысымды білдіре отырып, Қазақстанның астанасы елордаға қош келдіңіздер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді. Паралимпиадалық спорт түрлері, бірінші кезекте, рухы асқақ, жігері мықты, мақсаты айқын адамдарға арналғаны сөзсіз. Соңғы жылдарда елімізде бұл саланың қарқынды дамып келе жатқаны қуантады.

Бүгінгі сайысқа қатысып жатқан спортшыларымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Жеңісті күндерініз көп болсын! - деді басқарма басшысы.

Спорттық доданың жүлделерін сарапқа салуға әлемнің алты елінен 200-ге жуық пара спортшылар қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша қатысушылардың жасы 7 жастан 65 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Қатысушылар – тірек – қимыл аппараты, көру мүшесі зақымдалған, сонымен қатар интеллектуалды даму деңгейі төмен спортшылар мен қатар дені сау спортшылар қатысуда.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 26 қарашаға дейін «Beeline Arena» спорт кешенінде жалғасады.