+7 (7172) 26-63-47

Астанада қауіпсіздік ережелеріне байланысты «Бұрқасын-2024» фестивалі белгісіз мерзімге шегерілді, деп хабарлайды Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 44-тармағына сәйкес, мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты мұз қалыңдығының қоса беріліп отырған жүктемеге сәйкестігі болып саналады.

Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр болуы тиіс.

Осыған байланысты «Есіл» өзенінің мұз қалыңдығы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмеуінен «Бұрқасын-2024» фестивалі, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгісіз мерзімге ауыстырылады.