+7 (7172) 26-63-47

Ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай #Abai175
iggamecenter.com жүйесінде, тоғызқұмалақтан Нұр-Сұлтан қаласыныда, қашықтықта  ашық онлайн турнирі өтеді.

Жарыс қатысушылары 12 мамыр күні елорда уақытымен 17.00 дейін тіркеле алады.

Онлайн ашық турнирі  13-14 мамыр күндері жергілікті уақытпен (Нұр -Сұлтан )14.00-де басталады. Жарыс рапид жүйесінде өтеді. Төрешілер "Whats App" жүйесі арқылы қашықтықта төрешілік жүргізеді.
Ескерту!!!
Қатысушы ойынға 15мин. кешіккен жағдайда ойыннан жеңілген болып есептелінеді.
Қатысушы ойын барысында интернет желісі дұрыс жұмыс жасамай, интернетке қосылу мүмкіндігі болмай, ойнай алмай қалған жағдайда
жеңілген болып есептелінеді.
Жарыс жеңімпаздары ұпай санымен,  өзара кездесу, прогресс және коэфицент арқылы аңықталады. 
Жарысқа өтінім беру үшін төмендегі нөмірге  хабарласыңыз + 7 705 709 02 22 Қонарбаев Нұржан.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ тағайындаған  дипломдар мен медальдармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар:
«Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ  және Тоғызқұмалақ федерциясы.