+7 (7172) 26-63-47

Турнир 19 маусымнан бастап 1 тамызға дейін, әр демалыс күндері өтеді. 

Жарыста U 16 және U 18 санаттағы қыздар мен ұлдар бақ сынай алады. 

Әр команда 4 ойыншыдан (алаңда 3 ойыншы, біреуі қосалқы ойыншы) тұруы тиіс. 

Жүлделі орын алған командаларға ұйымдастырушылар атынан стритбол формалары табысталып, «Nur-Sultan Cup» турнирінің жеңімпазы атағы беріледі. Сонымен қатар, жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталады. 

Турнир елорданың 4 ауданның, келесі мекен-жайларында өтетін болады: 

    - Триатлон саябағы; 

    - Самал – 3 мөлтек ауданы;

    - Еуразия ұлттық университеті маңындағы көпір;

    - Ботаникалық саябақ;

 

Тіркелу 17 маусымға дейін, төмендегі номер бойынша жүргізіледі: 

Д. Тұратұлы – 8 707 913 91 38 

 

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.