+7 (7172) 26-63-47

31 қаңтар Астанада жаңа жылдық бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Оған кез келген адам қатысуға мүмкіндік алып, нәтижесінде 1000-нан аса адам жиналды.

Жарыс Ботаникалық бақтың Ақмешіт көшесі тұсынан басталды. Соңғы меже ЭКСПО аумағындағы бас шырша маңы болды. Қатысушылар келген жылға орай 2024 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Іс-шара басталар алдында қатысушылар аздап денелерін шынықтырып, қыздырынып алды. Мәреге бірінші жеткен алғашқы 1000 адамға қатысқаны үшін символикалық медальдар тапсырылды. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында лотерея ойнатылып, 5 адам велосипед ұтып алды.

Жалпы биыл елордада бұқаралық жүгіру жарысы көп өткізілді. Атап айтқанда, Astana Run, Astana Half, Astana Marathon, Koktal Run жарыс­тары, қайырымдылық жүгіру жарысы, триатлондар, инклюзивті фестивальдер, Талғат Бигелдиновтің 101 жылдығы құрметіне арналған жүгіру және басқа да іс-шаралар ұйым­дастырылды.