+7 (7172) 26-63-47

Бүгін «Астана арена» стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «AULA LIGASY» турнирінің ақтық ойындары мен марапаттау рәсімі өтті. Ақтық ойынға 80 қатысушыдан құралған 8 үздік команда қатысты.
Естеріңізге салсақ турнир 19 маусымынан бастау алып Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында өткен болатын. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 3 ай ішінде 40 іріктеу ойындары өткізілді. Турнир елорданың 40 футбол алаңы мен қаланың шет аймақтарын қамтыды. Жалпы ойынға 135 команда қатысты. Он ойыншыдан тұратын командалар 10-12 жас аралығында жарысты. Әр жарыс соңында жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және аудандық финалға қатысу сертификаттарымен марапатталды.
Бүгінгі салтанатты марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерғалиев Самат Серікқанұлы қатысып, барша жарыс жеңімпаз командаларды құттықтады.
Финалға жеткен үздік 3 команда Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің Кубогына ие болды. Іс-шара соңында жеңімпаз командаларды медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және «Додо» пиццериясы ұсынған арнайы сертификат қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар «Додо» пиццерия мейрамханасы үздік 4 номинацияға да 35 см пиццаға сертификат қағаздарын сыйлады.
Турнирдің мақсаты-талантты жастарды анықтау және спортты дамыту, футболдан Қазақстанның болашақ өкілдерін жақсартуға қосымша ынталандыру, бұл турнир көптеген жасөспірімдер үшін спортпен айналысуға түрткі болады.
Үздік номинация бойынша марапатталған ойыншылар
Ең үздік ойыншы Садыков Нұрали.
Ең үздік шабуылшысы Сатиұлы Назар.
Ең үздік қорғаушы Абен Бекзат.
Ең үздік қақпашы Сұлтанғазы Нұрсұлтан.
«AULA LIGASY» турнирінің финалистері
I орын- Байқоңыр ауданы «Байконыр Timе» командасы
II орын - Есіл ауданы «Жағалау» командасы
III орын- Есіл ауданы «Сенім» командасы
 
Барша жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!