Бүгін, мекеме қызметкерлері онлайн түрде ZOOM бағдарламасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәріс алды. Дәрісті өткізген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Шәріпжанов Айдос Серғазыұлы.
Дәріс оқушы Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданған Заңының 4-бабына сәйкес,жемқорлыққа қарсы күрестің басты бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратагияның жүзеге асуы мен басты қағидалары талқыланды.
Сонымен қатар,спорттық іс-шараларды ұйымдастыру барысында,қаншалықты жемқорлық ұшқындары байқалатындығы туралы айтылды. Қазіргі таңда Заң өте қатал. Демек,бұндай жағдайларды байқаған әр азамат тиісті органдарға хабарласу арқылы бұл әрекеттерге тосқауыл қоя алады. Ол үшін сыйақы тағайындалған. Бұл адамзаттың,қоғамның және мемлекеттік ізгілігі үшін жасалынған шара болып табылады.
Әр адам қоғамның мүшесі. Жемқорлықтың салдары әртүрлі. Бұл жеке адам басынан бастап, мемлекеттік деңгейге дейінгі себептер. Ең басты себептердің бірі-білім деңгейінің төмендігі, білім саласындағы жемқорлықтың салдары және адамның қоғам алдындағы жауапсыздығы,сәйкесінше тұрмыс деңгейінің төмендігі. Дәріс барысында, еліміздегі жақсы өзгеріске ұшырап келе жатқан адами қасиеттер мен білім деңгейі,және заңды дұрыс қолдану жайлы қорытынды сөз айтылды.