+7 (7172) 26-63-47

Бүгін елордадағы Отан қорғаушылар алаңы ауданында орналасқан «NS Street Life» көше спортының Колизейінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стритболдан «Nur-Sultan CUP» турнирінің финал ойындары мен марапаттау рәсімі өтті. Турнирге ұлдар мен қыздардан құралған 35 команда қатысты.
Естеріңізге салсақ, стритбол жарысының бірінші кезеңі ағымдағы жылдың 19 маусымда Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Біріншілік ойындары тек демалыс күндері, Нұр-Сұлтан қаласының 4 ауданында белгіленген уақытта «ASHYQ» қосымшасы арқылы өтті. Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған 110 команда қатысты. Төрт ойыншыдан тұратын командалар U-16, U-18 екі санатында жарысты. Іс-шара соңында жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және арнайы стритбол формаларымен марапатталған болатын.
Бүгінгі салтанатты марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысы Масанов Бахтияр Елубайұлы және «Додо» пиццериясының маркетолгы Акжан Қабденұлы қатысып, жеңіске жеткен командалармен, үздік ойыншыларды құтықтап жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара соңында жеңімпаз командаларды медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және «Додо» пиццериясы ұсынған арнайы сертификат қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар «Додо» пиццерия мейрамханасы үздік 4 ойыншыға да 35 см пиццаға сертификат қағаздарын сыйлады.
Барша жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз!
 
Жарыс қорытындысы:
 
Қыздар U-16 категориясы бойынша:
1 орын – «Бизешкин» командасы
2 орын – «Тамирис» командасы
3 орын – «СДЮШОР №5» командасы
Үздік ойыншы номинациясы – Кочура Анна
 
Қыздар U-18 категориясы бойынша:
 
1 орын – «Тайгерс» командасы
2 орын – «СДЮШОРЮ№5» командасы
3 орын – «Астана» командасы
Үздік ойыншы номинациясы – Салиева Малика
 
Ұлдар U-16 категориясы бойынша:  
1 орын – «№52» командасы
2 орын – «Шарашкина кантора» командасы
3 орын – «№38» командасы
Үздік ойыншы номинациясы – Турдиев Ерасыл
 
Ұлдар U-18 категориясы бойынша:
1 орын – «Street Beabers» командасы
2 орын – «3nd» командасы
3 орын – «Колизей» командасы
Үздік ойыншы номинациясы – Иса Султанбейбарыс