+7 (7172) 26-63-47

ҚР конституция күніне орай өткен онлайн жүгіру және веложүгіру жарысы өз мәресіне жетті. Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 200 ден аса елорда тұрғындары қатысты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне диплом, медаль, және бағалы сыйлықтар табысталды. Орталық саябақта өткен марапаттауға № 6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резервтің спорт мектебінің директоры Ақшалов Мерей, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің директоры Аубакиров
Нұржан, Street Workout мектебінің негізін қалаушы Айтым Жакупов және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диас Кабдуов пен бокстан жастар арасында Олимпиада чемпионы Айбек Оралбай, бокстан жастар арасында Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай, тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман қатысты.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ⤵️

📌Жүгіруден ерлер арасында (10 км)

Жанаберденов Аскар(35:29) I орын
Турсунбай Ерсултан(37:07) II орын
Сарсенбаев Русланбек(43:05)III орын

📌Жүгіруден әйелдер арасында (10 км)

Вернер Ольга (48:05) I орын
Окладникова Кристина(48:45)II орын
Жукенова Гульназ (49:31) III орын

📌Жүіруден ерлер арасында (40 жастан жоғары, 5км)

Коянбаев Кайрат (19:02) I орын
Сагымбаев Серик(21:23) II орын
Есхожин Рашид (23:15) III орын

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://elordasport.kz/ru/infotsentr/novosti/02-09-2020.html#sigProId515b3d9dba