+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордалық мектеп оқушылары арасында, жалпы дене шынықтыру даярлығы (ЖДД) бойынша онлайн –жарыстың қорытындысы шықты.

Аталмыш спорттық шара ағымдағы жылдың 26 мен 28 қараша күндері аралығында, WhatsApp мессенджері арқылы өткен болатын. Бұл іс – шара пандемия және өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қалыптасқан дене шынықтыру және спорт әуесқойлары үшін жаңа формат болып табылады.

ЖДД бойынша онлайн-жарыстарға денсаулық жағдайы жақсы, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ және осы қауіпсіздік техникасы қағидаларымен танысқан оқушылар ғана жіберілді. Барлық қатысушылар ұсынылған құжаттарға сәйкес тіркеуден өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарыс ұйымдастырушыларының дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

🥇🥈🥉
Жарыс қорытындысы:
Ұлдар арасында 7-8 сынып
1 орын – Рамазан Әліби
2 орын – Леспек Диас
3 орын-Аубакиров Аксултан

Қыздар арасында 7-8 сынып
1 орын-Книжниченко Галина
2 орын – Бекмұрат Надира
3 орын – Бейсенбетова Даяна

Жасөспірім ұлдар арасында 9-11 сынып
1 орын-Мықышаев Мақсат
2 орын-Шойбек Бексұлтан
3 орын-Ілияс Дияс

Қыздар арасында 9-11 сынып
1 орын-Өтегенова Әмина
2 орын - Павленко Анна
3 орын – Марат Аружан
@sport_nursultan
@akimat_nur_sultan