+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің Халықаралық турнирі өтуде.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі додада он екі команда бақ сынасты.
 
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай қатысты.
 
Нұр-Сұлтандық Серікбекұлы Ерасыл Маңғыстау атты қаршығасымен өзге аймақтан келген құсбегілерге дес бермей бірінші орынды жеңіп алды. Ерасыл атасы Күнтуған Тоқтыбайұлының жолын жалғап құсбегіліктің сара жолына түсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Алғашқы күні құсбегілер бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру, қаршығаны қолға шақыру, ителгіні қолға шақыру сынды сайыстардан сүрінбей өтіп, жартылай финал иегерлерін анықтады. Жарыстың екінші күні қатысушылары бүркітті шырғаға, қоянға салу, қаршығаны қоянға салу, ителгіні кептерге  салу бойынша сынға түсті. 12 облыстың құсбегілері қыран құстарымен сыналған бұл жарыс жоғары деңдейді өтті.
 
Жарыстың қорытындысымен бөліссек:
 
Қаршағадан 
🏆I орын - Серікбекұлы Ерасыл ( Нұр- Сұлтан қаласы)
🏆II орын - Кушкаров Арман ( Атырау облысы)
🏆III орын - Бабажан Берікболсын ( Жамбыл облысы)
 
Ителгіден
 
🏆I орын - Абдулкаримұлы Сармат ( Атырау облысы)
🏆II орын - Оспанқұлов Танат (Қарағанды облысы)
🏆III орын - Сейтжан Алмас (Алматы облысы)
 
Бүркіттен
 
🏆I орын - Баетбай Ермұхан (Алматы облысы)
🏆II орын - Жалғасұлы Серікболсын( Жамбыл облысы)
🏆III орын - Құрманғалиев Ақберен (Алматы облысы)
 
🇰🇿✊🏻Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!