+7 (7172) 26-63-47

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим шеберлері 55, 63, 72, 82 және Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 келі салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Астана қаласы сапынан грек-рим күресінен 55 келіде белдескен Айбек Айтбеков жартылай финалда көпшілікті таңғалдырып, ұлттық құрама көшбасшыларының бірі әрі басты фавориттің бірі — Аманғали Бекболатовтан айласын асырып кетті. Есеп 0:5.

Дегенмен, финалда жерлесіміз Жетісу облысының спортшысы Нұрзат Қабдырахимовқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600 ден астам күрес шеберлері қатысуда. Айта кетейік, байрақты бәсеке ақпанның бесіне дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.