Бүгін Астанадағы «Дәулет» комбинатында қыздар арасындағы бокстан ҚР Чемпионатының үшінші күні өтті. 57 келіге дейінгі салмақта сыңға түскен Астаналық Сабынбекова Айдана және Сұлтанқызы Сания. Атырау қаласының атынан шыққан Ищанова Назым жерлесімізден басым түсіп жартылай финалға жолдама алды. Ал, Сания Султанқызы (57 келіге дейін) СҚО боксышы қызы Касянова Зауремен жұдырықтасып жеңіске жетті. 64 келіге дейінгі салмақта сыңға түскен Абыкеева Аида Тараздық Абылхан Сандуғашты айқын басымдылықпен жеңді. Шаршы алаңда СҚО Абдімалік Айыммен қолғап түйістірген жерлесіміз Ләззат Күнгейбай (81 келіге дейін) жартылай финалға өтті.
15-05-2018 (2)
- Подробности