«Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы»мемлекеттік мекемесіне бағынысты мекемелерінің қатысуымен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен “Барыс” спорт кешенінде қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазымен кездесу болып өтті.
Кездесу еліміздегі тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларлардың бірегейі болатын.
Ақпараттық күнде мемлекет және қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазымен кездесу жоғары деңдейде өтті. Ана тілімізге деген жанашырлық пен құрметті тілге тиек етті. Ұлттық кодтың дұрыс сақталу жайлы сөз қозғалды.
Кездесу барысында қызметкерлер қазақ тілі мәселесі төңірегіндегі көкейкесті сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Өз кезегінде кездесу еліміздегі пандемияға байланысты санитарлық ережелерді сақтай отыра, маскалы режимде өтті.
Айта кетсек, кеш соңында мекеме басшылары Оразгүл Асанғазықызына танымды, мардымды дәріс үшін алғыс білдіріп, тілектерін айтты.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/20-10-2021.html#sigProId3d479f1fe0