Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады.
Астанада барлық спорт мекемелерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Тамыздың 16-нан 19-на дейін Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың барлық спорт алаңдарында біруақытта 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Бағдарламаға қазақ күресi, гір көтеру, армрестлинг, асық ату, бүркітші, көкпар, тоғызкұмалақ, грэпплинг, лыжероллерлер, теннис, веложарыс, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, академиялық есу, бокс, киокушинкай-кан каратэ, таеквондо, қоян-қолтық ұрыс, шайбалы хоккей енгізілді.
Осы күндері спорт сарайлары, кешендері және қалалық спорт клубтарында өтетін жарыстарға 3 000 жуық спортшы қатысады. Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы салауатты және белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар мен кәсіпқойларды, қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарланған шараларға қатысуға шақырады. Толық ақпаратты madeniet-sport-astana.kz сайтынан ала аласыз.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2018-08-16-11-27-43.html#sigProIdae140a3608