Бүгін мекеме қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының "Дін мәселелерін зерттеу орталығының" қызметкерлері өткізген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты.
Жалпы жиын діни экстремизмнің алдын алуға және халық арасында лаңкестікке қарсы түсінік қалыптастыруға бағытталған.
Жиналыста мемлекетіміздің дін саласындағы саясаты түсіндірілді, әртүрлі бүлікшіл діни ағымдар мен олардан сақтану тәсілдері талқыланды, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпарат ұсынылды.
Іс-шара соңында дін саласындағы мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және барлығы бір ауыздан осы іс-шараларды өткізу өзекті және ақпарат беруші болып табылады деген ортақ пікірге келді.
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2020-09-17-16-06-51.html#sigProIdfe60f5666a