Нұр-Сұлтан қаласынан 26 балуан соқыр жеребе арқылы белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Шілде айында елорадамыздың төрінде өтетін «Қазақстан Барысы» турниріне Олжас Шынкеев пен Айбат Сейтен жолдама алды. Жарыстың алтын және күміс жүлдесіне ие болған қос балуанымыз дүбірлі додада бас қаламыздың намысын қорғайтын болады. Ал, қола жүлде Нұрбек Досмұханбетовке бұйырды.
Балуандарымызды қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкенұлы, Ақпарат және қоғамдық даму вице - министрі Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы және Қазақ күресі ассоциациясы бас директоры Абат Саматұлы арнайы марапаттады.
Алдағы «Қазақстан Барысында» сынға түсетін спортшыларымызға сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілекшіміз!
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/2021-05-04-08-16-34.html#sigProIdab7052dca0