+7 (7172) 26-63-47

IMG 8759Қазақстан Республикасы Елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының медицина ұйымдары арасында, Спартакиада іс-шарасының аясында гір тасын көтеру, жеңілатлетикалық эстафета және арқан тартыс түрлері бойынша жарыс өткізілді. Оған жүзден астам спортшылар қатысты. 

Турнирдің мақсаты – халықтың басым бөлігін жүйелі түрде денешынықтырумен және спортпен айналысуға тарту, денсаулығын нығайту, қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру.
Аталмыш шараға келген спортшыларымыз ән шырқап, би билеп жарыстың алдында күш жігер жинап алды.

Жарысқа жалпы 18 команда қатысып, Спартакиаданың 3 түрінен жарысты. Көрермендермен жанкүйерлерде спортшыларға қолдау көрсетіп, дем берді.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға мақтау қағазы мен медальдар табысталды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен қатысушыларға Астана қаласының «Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалы атынан Грамоталар, естелік сыйлықтар және Дипломдар берілді.

Барлық қатысушылар мен жанкүйерлер көтеріңкі көңіл-күй, жағымды әсер алды!

Спартакиаданы ұйымдастырушылар: «Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана қаласындағы филиалы, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздарhttp://elordasport.kz/
#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев #Казахстан#astana_akimat

{gallery}news/2018/05/26{/gallery}