Бүгін Астана қаласында «Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Есіл» ауданының мектеп оқушылары арасында шағын футбол турнирінен жарыс өтті.
Аталмыш турнирге 9 командадан тұратын 72 қатысушы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды №78 мектеп-гимназиясы алса, 2 орынды Республикалық физика-математика мектебі иемденді, ал 3 орынды №75 мектеп-лицейі қанағат тұтты.
Турнирге қатысқан жеңімпаз командалар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/
{gallery}news/2018/05/26-5{/gallery}