+7 (7172) 26-63-47

1 мамырда Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне

арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы 

аясында "Достық Велошеруі" өтеді. Жарыс сағат 13:00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда басталады, сағат 11:00-де тіркеу барысында барлық велошеруі қатысушыларына футболка жəне бейсболкалар таратылады . Маршруттың ұзындығы – 4100 м. Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ, 12-ден асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Мұнымен қоса, велошеруге «Астана» Президенттік клубының «Astana Pro Team» кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды.????‍♀️????‍♀️????‍♀️ Айта кетейік, алаңда велосипедтерді жалға беру ұйымдастырылады, құны – 500-1000 тг. ???????????? Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, әр қатысушыға энергия мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын жалпы спорттық жаттығулар жасалады. Велошеру аяқталған соң тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.