+7 (7172) 26-63-47

Елордада бүркітшілердің Халықаралық турнирі өтіп жатыр
 
Нұр-Сұлтан қаласында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы бүркітшілердің Халықаралық турнирі өтуде.  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан дәстүрлі додада он екі команда бақ сынауда. 
 
Бүгін шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай қатысты.
 
Алғашқы күні құсбегілер бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру, қаршығаны қолға шақыру, ителгіні қолға шақыру сынды сайыстардан сүрінбей өтіп, жартылай финал иегерлерін анықтады. Ал, ертең жарыс қатысушылары бүркітті шырғаға, қоянға салу, қаршығаны қоянға салу, ителгіні қоянға салу бойынша сынға түседі.
 
Құсбегілер додасы Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Софиевка тас жолының маңында өтуде.