+7 (7172) 26-63-47

Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара. Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр. Жарысқа вакцина алған тұрғындар қатысты. Жүгіру аумағына Ashyq жобасы енгізілді. 
 
Марафонға жастардың да, ересек тұрғындардың да қатысқаны қуантады. Қатысушылар арасында рухы мықты жандар – ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыз, шетелден келген қонақтар және алғаш рет қатысқандар. Astana Marathon-2021 екі қашықтық бойынша өтеді: 42.2 км және 10 км. Қазіргі марафон 2019 жылы World Athletics ұйымы берген «қола» статусына ие. 
 
✅Марафонда ең бастысы мәреге бірінші болып келу емес, іс-шараның өзінен ләззат алу. Өйткені, жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа оң әсер етіп, иммундық жүйені нығайтады. Әрбір қатысушы – жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды. 
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлеміз: қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады.
 
✅Astana Marathon-2021 — қайырымдылық шара. Биыл жиналған қаражат ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 37 млн теңгеден астам қаражат жинады.