+7 (7172) 26-63-47

IMG 2776Бүгін  Елордамызда,  «Дәулет» спорт кешенінде  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан - барысы» Республикалық турнирге «Астана - қыраны» іріктеу сайысы  өтті.

Түйе палуан сайысында 22 батыр спортшыларымыз келіп қатысты.

Турнирде бірінші орынға ие болған түйе  палуанымыз  –  Сейтен Айбатқа  «Астана - қыраны» атағы беріліп, «Қазақстан - барысы» Республикалық турниріне жолдама алады.  Сонымен бірге  үздіктердің  бірі  Абдулов Айтуарда   «Қазақстан - барысы» Республикалық турниріне қатысуға мүмкіндік алды.

Жарысқа  Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мажағұлов Болат Бауыржанұлы келіп қатысты. Кеш қонақтарының қатарында сонымен бірге

Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиадалық резерв дайындау орталығы" КММ басшысы Кабдулин Самат Амангелднович, Астана қаласы әкімдігінің  "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды  өткізу дирекциясы"  КММ басшысы  Имашев  Азамат  Болатұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі КММ басшысы Данияров Бағдат Болатович, «Даулет» Спорт кешенінің басшысы Елжанов Қуандық Ескермесович және Астана қаласының Мәдениет және спорт комитеті, Ұлттық және мүмкіндігі шектеулі спортшылар бөлімінің басшысы Қарлығаш Әсетқызы болды.

Астана-Қыранында тек үздік деген төрешілер келіп, өз істерін дәлелдеді деп айтсақ артық болмайды.

{gallery}news/2018/04/30-2{/gallery}