+7 (7172) 26-63-47

Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 150 ге жуық сәйгүлік қатысты.
Шабандоздар Бәйге түрлері: Аламан бәйге – 25 шақырым, Қостанай тұқымды жылқы бәйге – 23 шақырым, Кіші аламан (топ) бәйге – 16 шақырым, Құнан бәйге – 9 шақырым.

Бәйгенің салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан қатысып қатысушыларға сәттілік тіледі.
 
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жарыстың жалпы жүлде қоры-13 350 000 тг.

Сонымен қатар, Ұшқыр аттар бәйгесінің (1400 м., 2400 м., 2400 м.) жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілер есебінен ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.

Бәйге түрлерінен дәстүрлі Елбасы кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

"Құнан"бәйге
1 орын Бекнұр Жорабек (Жамбыл облысы)
2 орын Жақсылық Абылайхан (Жамбыл облысы)
3 орын Медетбеков Елнұр (ШҚО)
4 орын Асқар Үмекей ( Алматы облысы)

"Кіші аламан" бәйге
1 орын Жақсылық Серікжан (Алматы облысы)
2 орын Асанқұлов Байқам (Қарағанды облысы)
3 орын Кожаков Хакимбек (Қарағанды облысы)

"Қостанай тұқымды" жылқылардың бәйгесі

1 орын Ватисов Матвей (Қостанай облысы)
2 орын Абдырахманов Халид (Қарағанды облысы)
3 орын Ораз Нұрислам (Қостанай облысы)

"Аламан" бәйге
1 орын Асанқұлов Байқан (Алматы облысы)
2 орын Нұраит Нұрбай (Жамбыл облысы)
3 орын Омарғалиев Ершат (БҚО)
4 орын Шынтас Нұрлы (Алматы облысы)