Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 6-28 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ХХІІІ қалалық Тіл фестивалі өтуде. Аталмыш фестиваль аясында баспасөз хатшылары, әкімдікке қарасты мекемелердің қоғаммен байланыс бөлімдерінің мамандарына арналған «Тіл тазалығы» атты тренинг өтті.
Іс-шарада «СММ негіздері мен ерекшеліктері», «Интернет ақпараттық соғыс алаңы ретінде» және «Таза баспасөз тілі» тақырыптары талқыланды. Шараның мақсаты: мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және қадір-қасиетін арттыру; қоғаммен байланыс жасайтын мамандық иелеріне кәсіби бағыт-бағдар беру; болашақ журналистерге (студенттерге) тәжірибелі мамандардың кеңесін тегін алуға мүмкіндік жасап, біліктілігін арттыру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.
Қатысушылар карантин талаптарына сәйкес офлайн шараға қатысты. Сондай-ақ іс-шара онлайн форматта, яғни ZOOM платформасында да ұйымдастырылды. Тренинг Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Конференция залында өтті. Шара соныңда барша қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/dlya-stolichnykh-press-sekretarej-proshel-trening-chistota-yazyka.html#sigProId85411e006c
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/dlya-stolichnykh-press-sekretarej-proshel-trening-chistota-yazyka.html#sigProId85411e006c