+7 (7172) 26-63-47

Аталмыш турнир Сарыарқа ауданына қарасты Самал 3 мекен - жайында сағат 10:00 - де бастау алды.

Айта кетейік стритбол жарысының бірінші кезеңі 19 маусымда, Алматы ауданындағы Президенттік саябақта басталған болатын. Тағы бір еске сала кететініміз, біріншілік ойындары тек демалыс күндері әр аудандарда белгіленген уақытта өтеді. Бұл жарысқа U16 және U18 санатындағы қыздар мен ұлдар қатысуда.

Ал дәл қазір III кезеңнің өткені жайлы айтатын болсақ. Жастарымыз әр кезеңнен өткен сайын өздерін белсене көрсетіп, күннен-күнге ойын қыза түсуде.
Ойынға ұлдар мен қыздардан құралған, 45 команда қатысып.
Төрт ойыншыдан тұратын командалар, екі санатта бақ сынасты.

 
Жеңіс тұғырына жеткен командалар:

U16 ұлдар:
I. 32 мектеп
II. Орбита
III. Поднебесный

U18 Ұлдар:
I. Anta
II. Takeover
III. Rimportectors

U16 қыздар:
I. Bliss
II. OKC
III. 53 мектеп

Алда додалы сайысымыз маусым, шілде және тамыз айларының сенбі, жексенбі күндері өтеді. Айта кетейік бірінші орынға ие болған командалар жарыстың талабына сай шешуші кезеңдерге өтеді. Дәл қазір уақыт тез өтуде, ал ойын өз мәресіне жетуге сәл қалды. Сондықтан да барлық ойыншыларға тек жеңіс тұғырында көрінулерін тілейміз!