+7 (7172) 26-63-47

IMG 887326 мамыр күні Астана қаласында  «Дәулет» СК Мәдениет және спорт Министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған  «Сенің жаңа қырың!» («Другой ты!») челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық Телекөпір» ұйымдастырды.

1 миллионнан астам адам Елбасының салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сенің жаңа қырың!» («Другой ты!») бастамасын қолдады. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған  телекөпірге еліміздің аймақтары да атсалысты. Шымкент, Өскемен және Петропавл мен Ақтау қаласының тұрғындары Астанамен бейнебайланысқа шығып барлығы бір мезетте дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Шараға Серік Сәпиев, Василий Левит, Гюзель Манюрова сынды белгілі спортшылар мен әртістер де қатысты. Бейнебайланысқа еліміздің 4 өңірі ғана қосылғанымен бастамаға басқа аймақтар да қолдау білдірді.  Облыстардың қатысушылары Астанадан берілген старттан соң, арнайы музыканың сүйемелдеуімен кешенді жаттығулар жасады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі:  - Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Сенің жаңа қырың!» («Другой ты!»)  челленджі акциясына бүкіл Қазақстан шығып отыр. Әрине бұл өте қуанышты жағдай. Неге десеңіз, Елбасымыз әрдайым салауатты өмір салтының керек екенін әсіресе жастарға керек екенін ерекше атап өтеді. Сол үшін бүкіл Қазақстандықтарды Елбасының жолдауына қатысуға шақырамын! Жаса Қазақстан! Алға Қазақстан!  

Шараның мақсаты – Қазақстандықтар арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету. Оның аясында белгілі спорт, мәдениет, БАҚ өкілдері дене шынықтыру жаттығуларын жасап, Қазақстандықтарды спортпен айналысуға  шақыру

Естеріңізге салайық, 22 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Республикалық спорттық "Challenge Другой ты!" шарасына қолдау білдіріп, 21 күн бойы Қазақстандарды спортпен айналысуға шақырған болатын.

{gallery}news/2018/05/26-3{/gallery}