Елордада, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «KIDS RUN» балалар жүгірісі өтеді
4 шілде күні, Астана қаласының Орталық саябағындағы Шаңғы-роллер трассасында, Астана күні қарсаңында, «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «KIDS RUN» бұқаралық балалар жүгірісі өтеді.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалар арасында бұқаралық спортты дамыту және жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыру.
Жарысқа 6–15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылар 300 метр, 500 метр және 1 шақырым қашықтықтарында бақ сынайтын болады. Қатысушылар саны шектеулі: 1000 адам.
Өтетін орны: Орталық саябақ, шаңғы-роллер трассасы.
Басталу уақыты: 09:00.
Онлайн тіркелу 1 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталады.
Айта кетейік, қатысушылар саны белгіленген лимитке (1000) адамға жеткеннен кейін тіркелу автоматты түрде жабылады.
Тіркелген қатысушыларға білезіктерді тарату, іс-шара өтетін күні сағат 07:00 ден 08:30-ға дейін өтеді.
Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын 4-шілде күні өтетін бұқаралық балалар жүгірісіне қатысуға шақырамыз!
Жарқын спорт мерекесіне қатысып, белсенді әрі салауатты өмір салтын бірге қолдайық!
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/elordada-za-men-t-rtip-ideologiyasy-ayasynda-kids-run-balalar-zh-girisi-tedi.html#sigProId79743fb65a
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/elordada-za-men-t-rtip-ideologiyasy-ayasynda-kids-run-balalar-zh-girisi-tedi.html#sigProId79743fb65a
