+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, шаһардың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан жандарға, спорт саласында сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» жүлдесі табысталды. Жиынға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлы жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен үздік спортшылар мен спорт қызметкерлерін 12 аталым бойынша марапаттап, құттықтады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың алғыс хатыменде шақырылған спорт ардагерлерімен, жаттықшырушыларда марапатталды.

Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынсыты мекеме қызметкерлері мен спортшыларда жыл үздіктер жүлделерімен марапатталды.

Мерекелік шара барысында келесі номинациялар бойынша өз саласының шеберлері құрметтелді. Басқармаға қарасты мекемелер  арасында «Үздік басшы», «Үздік басшы орынбасары», «Үздік әдіскер», «Үздік есепші», «Үздік кадр маманы» «Үздік аға жаттықтырушы», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік заңгер», «Үздік баспасөз хатшысы» және «Жыл спортшысы»  аталымдары бойынша арнайы жүлде табысталды.

Жыл үздіктерінің қатарында біздің мекеменің қызметкерлері бар. Атап айтсақ, «Жыл қызметкері» жүлдесімен Өсербай Ержігіт Қалдыбайұлы марапатталса, қала әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтың алғыс хатымен Хамзин Даулет Тұратұлы марапатталды.

 Ал, жылдың «Үздік мекемесі» аталымын №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі жеңіп алды.

Марапаттарыңыз құтты болсын жыл үздіктері!!!