+7 (7172) 26-63-47

Сенбі күні Президенттік саябақта, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен, «Online-жүгіру» жарысының жеңімпаздары марапатталды.
 
Аталмыш жарыс 11 мен 20 қыркүйек аралығында Триатлон саябағында және Ботаникалық бағында, «STRAVA» мобильдік қосымшасы арқылы өткен болатын.
 
Еске салсақ, «Online-жүгіру» ерлер мен әйелдер арасында 10 км, 5 км, 3 км, 2 км және 1 км қашықтықта он жас тобында өтті. Жарыс таңғы және кешкі жүгіру кестесі бойынша өткізілді.
«Online-жүгіру» жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Іс-шара санитарлық нормалармен мен қауіпсіздік техникасын сақталуымен өтті.