Бүгін елордада әуесқойлар арасында «Nur-SULTAN DUATHLON 2021» жарысы өтті. Аталмыш іс-шараға ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы,
қатысты. Ералы Лұқпанұлы спорт мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Елордадағы Ботаникалық саябақта өткен дуатлон додасына 16 жастан жоғары 150-ге жуық адам қатысты.
Жарыс қатысушылары жалпы 27,5 км тұратын үш кезеңді бағындырды. Бірінші- 5 шақырымға жүгіру, екінші кезең 20 шақырымға веложарыс және соңғысы- 2,5 шақырымға жүгіру.
Жарыстың үш кезеңін бағындырған қатысушыларға мәреде финишерлік медальдар берілді.
Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Шара қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және Нұр-Сұлтан триатлон федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.
View the embedded image gallery online at:
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/nur-sultan-duathlon-2021.html#sigProIdee5803aa4f
https://elordasport.kz/infotsentr/novosti/nur-sultan-duathlon-2021.html#sigProIdee5803aa4f