+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру  және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен, «Біз жүгіруді қолдаймыз» атты елордалық тұрғындардан құралған жұптар (ер және әйел) арасындағы спорттық іс-шараның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың 14-27 қараша күндері аралығында, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін елорданың қалаған саябағында әр жұпқа ыңғайлы уақытта, онлайн режимінде, мобильді қосымшаның сүйемелдеуі арқылы,  4 км, 6 км, 8 км және 10 км қашықтықта өтті. Әрбір қатысушы жас тобы бойынша өзіне серіктес  таңдап, өз нәтижелерін жарыс ұйымдастырушыларына жіберу арқылы қатысты.

Онлайн жарысқа қатысқан жұптардың (ер, әйел)  ортақ нәтижелері қосу арқылы 1-2-3 орын иегерлері анықталды. Жарыс жеңімпаздары ұйымдастырушы тарапынан ұсынылған  арнайы бағалы сыйлықтар мен медальдарға ие болды.

Марапаттау рәсіміне тележүргүзуші, журналист Сыдықбек Олжас Дәуренұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Мусин Жанат Мейрамұлы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1⃣8⃣➖2⃣9⃣ жас ?км
?- Адамович Дмитрий, Асанова Асель /жалпы қорытынды -45:15
?- Самат Нұрлыбек, Есім Орынгүл /жалпы қорытынды - 47:44
?- Мұздыбаев Азиз, Мұздыбаева Оразбике /жалпы қорытынды-48:48

3⃣0⃣➖3⃣9⃣ жас 8⃣км
?- Жанабергенов Асқар
Жанабергенова Мөлдір / жалпы қорытынды- 30:22
?- Ахметов Ринат, Савинова Юлия /жалпы қорытынды- 30:53
? - Кожахметов Жанат, Аменова Гульмира / жалпы қорытынды- 31:40

4⃣0⃣➖4⃣9⃣ жас 6⃣ км
?- Қоянбаев Қайрат, Омарова Диляра /жалпы қорытынды- 27:00
?- Нұраханов Бахытжан, Акымбекова Алена / жалпы қорытынды-27:40
?- Исмагамбетов Талгат, Исмагамбетова Наталья /жалпы қорытынды- 33:36

Ардагерлер 5⃣0⃣ + 4⃣ км
?- Ермаханова Қайрат, Ермаханова Алмагүл /жалпы қорытынды- 21:31
?-Мухамчанов Кенжебек, Мухамчанова Жанат / жалпы қорытынды: 23:05
?- Алимжанов Марат, Крестьянова Елена / жалпы қорытынды- 26:43
4⃣ место Қожахметов Ерболат, Жакупова Бибигуль / жалпы қорытынды- 36:36