+7 (7172) 26-63-47

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшылары мен спорт қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы жыл қорытындысы бойынша Олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт түрлерінен спортшылар мен жаттықтырушылар сонымен қатар спорт ардагерлері қала әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ басқармаға қарасты мекемелер  арасында “Үздік басшы”, “Үздік басшы орынбасары”, “Үздік әдіскер”, “Үздік есепші”, “Үздік кадр маманы” “Үздік аға жаттықтырушы”, “Үздік жаттықтырушы”, “Үздік заңгер”, “Үздік баспасөз хатшысы” “Жыл қызметкері”
“Жыл спортшысы” аталымдары бойынша арнайы жүлде табысталды.

Ал, жылдың “Үздік мекемесі” аталымын №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі жеңіп алды.